Главная » Страницы » Институт ғалымдары

Институт ғалымдары

Ershin

ЕРШИН ШАХБАЗ АЛИМГИРЕЕВИЧ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,

ҚР ҰҒА академигі

Негізгі ғылыми жетістіктері:

Ш.А.Ершин газ факелының аэродинамикалық теориясын қалаушыларының бірі. Оның Арал теңізін қалпына келтіру жобасы 1993 жылы ҚР экология және биоресурстар Министрлігінің премиясына ие болды. Ш.А.Ершин және оның шәкірттері алғаш рет Тейлор-Гертлер еркін құйындарының бар екендігін анықтаған. Ішкі-кәсіпшілік құбырларының тозу проблемалары зерттеліп, «бұлақ әсері» деп аталған мұнай құбыры эрозиясының механизмі ашылды. Ш.А.Ершин амбар мұнайын термомеханикалық тәсіл арқылы шығаруды және осы кен орындары аймағын мұнаймен ластанудан тазартуды ұсынған. Ол Бидарье және Бидарье — 2 каруселді жел турбинасының жаңа нұсқасын ұсынды. 140-тан астам ғылыми жұмыстары жарияланды. Ш.А.Ершиннің жетекшілігімен 29 кандидаттық, 6 докторлық диссертация қорғалды.


Айсагалиев

АЙСАГАЛИЕВ СЕРИКБАЙ АБДИГАЛИЕВИЧ

техника ғылымдарының докторы, профессор

Негізгі ғылыми жетістіктері:

Жүйені шешу бойы меншікті емес интегралдарды бағалау негізінде динамикалық жүйелер абсолюттік тұрақтылығының жаңа критерийлері әзірленді. Сол сияқты цилиндрлік фазалық кеңістігі бар динамикалық жүйелердің ғаламдық асимптотикалық орнықтылығының жаңа критерийлері ашылды. Қарапайым дифференциалдық теңдеулермен және параболикалық теңдеулермен суреттелетін динамикалық жүйелерді басқару теориясы әзірленді. Оптималдық басқару өлкелік есептерін динамикалық жүйелермен шешудің конструктивтік әдісі жасалды. Оқу процессін жоспарлауды ұйымдастырудың сызықты емес математикалық үлгісі әзірленді. Ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша «Оқу процессін сандық талдау» атты монографиясы басылып шығарылды.


Абдибеков

АБДИБЕКОВ УАЛИХАН СЕЙДИЛДАЕВИЧ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,

Ұлттық инженерлік академиясының академигі

Негізгі ғылыми жетістіктері:

Сыртқы күштер болу жағдайындағы турбуленттік проблемалар зерттелді. Стратификацияланған ортаға, сол сияқты МГД-өткізу ортасына арналған турбуленттіктің жартылай эмпирикалық үлгілері әзірленді, ортадан тепкіш күштің әсерін ескеретін турбуленттіктің үлгілері құрылды. Практикалық есептер кең шеңберін зерттеуге арналған математикалық физика теңдеулерін шешудің тиімді сандық әдістері әзірленді. Гидродинамикалық процесстерінің, сол сияқты қоршаған ортаны қорғау есептерінде кең қолданылатын стратификацияланған ортада қоспаны турбуленттік тасымалдаудың түрлі үлгілері мен әдістері ұсынылды. Ұсынылатын тәсілдемелер мен әдістердің теориялық негіздемесі қаланып, сандық алгоритмдер және олардың іске асуы әзірленді.


Тукеев

ТУКЕЕВ УАЛШЕР АНУАРБЕКОВИЧ

техника ғылымдарының  докторы, профессор

Негізгі ғылыми жетістіктері:

Мәліметтер базасы мен нақты уақыт жүйелерінің бағдарламалық кешендерін автоматты жобалаудың ғылыми-технологиялық негіздері әзірленді. Еуропалық білім беру кеңістігі үлгісін, оқу процессінің негізгі компоненттерін баптау үлгісін, оқытушы-студент деңгейінде сапаны басқару үлгісін қосумен толықтырылған еуропалық білім беру кеңістігі оқу процессінің сапасын баптау методологиясын, мамандықтардың кәсіби стандарттары мен ұлттық біліктілік шеңберін қосатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу процессін дамыту әлемдік білім кеңістігіне интеграцияның ғылыми-методологиялық негіздері әзірленді. Қазақ тілі машиналық аудармасының ғылыми-технологиялық негіздерін әзірлеу бойынша қарқынды зерттеулер жүргізілуде.


Бадаев

БАДАЕВ СЕРИКЖАН АГИБАЕВИЧ

физика-математика ғылымдарының  докторы, профессор

Негізгі ғылыми жетістіктері:

(АҚШ, Штеффен Лемппен бірлесе) есептемелі қайта есептеленетін жиынтықтар айырмасы отбасының болуы дәлелденді, Фридберг нумерациясымен туындаған басты идеал мен басты фильтрге бөлуге рұқсат беретін Роджерстің жартылай торы. Атап айтқанда, аталған отбасыларының Фридбергтікі болып табылатын дәл екі минималды нумерациясы болады. (Ресей, С.С.Гончаровпен бірлесе) арифметикалық иерархиядағы кез келген шексіз есептелетін жиынтықтар отбасыларының шексіз көптеген есептелетін минималды нумерациясы болатыны дәлелденді. (Кез келген соңғы отбасының ең төменгі нумерациясы болатынын атап өту қажет). Ершов иерархиясында салынған жиынтықтар жұбынан тұратын және Роджерстің бір элементтік жартылай торы бар отбасы табылды.


Калтаев

КАЛТАЕВ АЙДАРХАН ЖУСУПБЕКОВИЧ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

Ұлттық инженерлік академиясының академигі

Негізгі ғылыми жетістіктері:

Көмірсутектің суық жалында түрлі тотығу режимдеріне, Махтың кіші сандарында жану камераларында жанармай қоспасының жануына, жанармай қоспасы жануының детонацияға айналуына, жер асты сілтісіздендіру әдісімен минералдар өндіруге үлгілер салынып, сандық әдістер әзірленді. Газ қоспалары жануының детонацияға айналуының, жану камераларында әрекеттесу қоспаларының дыбыстан ұшқыр ағындарының ламинарлық және турбуленттік газодинамикасының; мұнай және газ өндіру, жер асты сілтісіздендіру әдісімен минералдар өндіру тиімділігін жоғарылату жолдарының заңдылықтары зерттелді.


Кангужин

КАНГУЖИН БАЛТАБЕК ЕСМАТОВИЧ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

Негізгі ғылыми жетістіктері:

Қарапайым және көп өлшемді дифференциалды операторларды зерттеу мүмкіндігін беретін локалды емес ішкі өлкелік есептерді зерттеуге арналған тиімді математика аппараты әзірленді. Жеке туындылары бар теңдеулерге арналған локалды емес көп өлшемді өлкелік есептерді спектралдық талдау жаңа теориясының негіздері салынды.

 


Дракунов

ДРАКУНОВ ЮРИЙ МИХАЙЛОВИЧ

техника ғылымдарының докторы, профессор

Негізгі ғылыми жетістіктері:

Жалпақ және кеңістік механизмдерінің, машиналардың, робототехникалық және механикалық жүйелердің кинематикалық және динамикалық синтезінің есептері шешілді. Динамикалық талдау және механикалық жүйелер синтезінің есептерін шешудің жаңа әдістері ұсынылды. Жаппай орталар механикасының дифференциалды теңдеулерін шығарудың және шешудің автоматтық жүйесі құрылды. Ю.М.Дракуновтың жетекшілігімен және тікелей қатысуымен заманауи каротаждық станциясының мехатрондық жүйелері, рентгеноскопиялық зертханалық және дала аспабының жүйелері әзірленіп, өндіріске енгізілді, ВЕЕР – 1М бұрғылау роботы аяқталуда.


Дауылбаев

ДАУЫЛБАЕВ МУРАТХАН КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ

физика-математика ғылымдарының  докторы, профессор

Негізгі ғылыми жетістіктері:

Қарастырылатын бөліктің оң немесе ішкі нүктесінде бастауыш шарттары бар сингулярлық ауытқу сызықты интегро-дифференциалдық теңдеулерді сапалы зерттеу әдісі әзірленді. Сингулярлық ауытқу интегро-дифференциалдық теңдеулердің шешіміне интегралдық мүшелердің асимптотикалық қылығына сапалы әсерінің ерекшеліктері көрсетілген. Кез келген тәртіптердің бастауыш кенет өзгеру құбылыстары анықталды. Кез келген тәртіптердің бастауыш кенет өзгеру құбылыстары бар сингулярлық ауытқу сызықты емес интегро-дифференциалдық теңдеулердің жаңа топтары белгіленді. Кез келген тәртіптердің бастауыш кенет өзгеру құбылыстары бар сингулярлық ауытқу интегро-дифференциалдық теңдеулер шешімін асимптотикалық жіктеуін құрастыру әдісі әзірленді.


Кыдырбекулы

КЫДЫРБЕКУЛЫ АЛМАТБЕК БАЛГАБЕКОВИЧ

техника ғылымдарының докторы, профессор

Негізгі ғылыми жетістіктері:

Сұйықтық жартылай құйылған қуыстары бар динамикалық жүйелердің жалпыланған үлгілерін және машиналар динамикасы есептеріне қатысты сызықты емес шиеленістіруші факторлары бар серіппелі жүйелерді (геометриялық және физикалық табиғатының сызықты емес серіппелі мінездемелері, сызықты емес-тұтқыр кедергі, номиналды және серіппелі қозғалысы арасындағы сызықты емес инерциалдық байланыс) әзірлеп, оларды талдаумен айналысады. Сұйықтық жартылай құйылған қуыстары бар ротор жүйелеріндегі және ақырғы деформациялары бар физикалық сызықты емес серіппелі байланыс жүйелеріндегі тербелмелі процесстерді үлгілеу бойынша теориялық нәтижелер алынды, жиынтығы машиналар динамикасын дамытуда ірі жетістік болып табылатын олардың тұрақтылығын болжау .


Серовайский

СЕРОВАЙСКИЙ СЕМЕН ЯКОВЛЕВИЧ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

Негізгі ғылыми жетістіктері:

Оператордың кеңейтілген туындысы түсінігі енгізіліп, оптималды басқарудың жаңа сызықты емес шексіз өлшемді есептерін шешуге пайдаланылған тиісті есептеу әзірленді. Жуық шешімнің күштірек формалары болмаған жағдайда әлсіреген жуық шешім жаңа түсінігі арқылы оптимизацияланған есептер зерттелді. Секвенциалды шешім жаңа түсінігі негізінде математикалық физика есептерін шешу үшін осы есептерді конструктивтік және классикалық шешу анықтамасы берілді.

 


Шакенов

ШАКЕНОВ КАНАТ КОЖАХМЕТОВИЧ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

Негізгі ғылыми жетістіктері:

Навье-Стокстың толық теңдеулері, Навье-Стокстың линеаризацияланған теңдеулері, Навье-Стокстың стационарлық теңдеулері алғаш рет Монте-Карло әдісімен шешілді. Монте-Карло әдісімен фильтрлеу және релаксациялық фильтрлеу есептері шешілді. Атмосфералық оптиканың параметрикалық кері есебі Монте-Карло әдісімен шешілді. Стохастикалық оптималдық басқарудың көп өлшемді параметрикалық кері есебі шешілді. Қаржы тәуекелдерін үлгілеудің кейбір есептері шешілді.