Главная » Страницы » Қызметтер

Қызметтер

Қазақстан Республикасы экономикасының өрлеуіне және тұрақтануына бағытталған тиісті өндіріс салаларына ғылыми зерттеулерді жобалау, ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулердің және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстардың нәтижелерін жобалау, әзірлеу және енгізу ММ ҒЗИ-ң мақсаты болып табылады.

Аталған мақсатқа жету үшін ММ ҒЗИ қызметтердің келесі түрлерін жүзеге асырады:

1) жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;

2) жаңа техника, технологиялар және материалдар құру;

3) ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың, ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстардың жоспарын жобалау және әзірлеу;

4) ғылыми-техникалық және техникалық-экономикалық сараптамалар ұйымдастыру, ғылыми өнімді әрі қарай тәжірибелік игеру мақсатында аяқталған қолданбалы зерттеулерді анықтау және ғылыми зерттемелердің патенттік тазалығын қамтамасыз ету;

5) авторлық құқықты қорғау, ғалымдардың ғылыми өнімге зияткерлік меншігін қорғау бойынша іс-шараларды қаматамасыз ету;

6) қолданылатын өлшеу құралдары мен әдістерді, шығарылатын ғылыми-техникалық өнімді және тәжірибелік-құрылымдық құжаттаманы күші бар МЕМСТ-н, техникалық жағдайлармен қамтамасыз ету және сертификаттау, стандарттау және метрология мемлекеттік жүйелерінің басқа да нормативтік құжаттарымен қамтамасыз ету;

7) ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыздандыру және қызмет көрсету;