Главная » Страницы » Есептеу технологиялар және мұнай-газ саласында қауіп-қатерлерге зертханасы

Есептеу технологиялар және мұнай-газ саласында қауіп-қатерлерге зертханасы

Абдибеков

Есептеу технологиялар және мұнай-газ саласында қауіп-қатерлерге зертханасының меңгерушісі

АБДИБЕКОВ УАЛИХАН СЕЙДИЛДАЕВИЧ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,

Ұлттық инженерлік академиясының академигі

Негізгі ғылыми жетістіктері:

Сыртқы күштер болу жағдайындағы турбуленттік проблемалар зерттелді. Стратификацияланған ортаға, сол сияқты МГД-өткізу ортасына арналған турбуленттіктің жартылай эмпирикалық үлгілері әзірленді, ортадан тепкіш күштің әсерін ескеретін турбуленттіктің үлгілері құрылды. Практикалық есептер кең шеңберін зерттеуге арналған математикалық физика теңдеулерін шешудің тиімді сандық әдістері әзірленді. Гидродинамикалық процесстерінің, сол сияқты қоршаған ортаны қорғау есептерінде кең қолданылатын стратификацияланған ортада қоспаны турбуленттік тасымалдаудың түрлі үлгілері мен әдістері ұсынылды. Ұсынылатын тәсілдемелер мен әдістердің теориялық негіздемесі қаланып, сандық алгоритмдер және олардың іске асуы әзірленді.