МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ МЕХАНИКА ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

Институт Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми Кеңесінің шешімімен 1994 жылғы 13 қазандағы №167 бұйрығымен құрылған, 2002 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №984 Қаулысымен «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Математика және механика ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Еншілес мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды.

Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:

ММ ҒЗИ қызметі келесідей 10 ғылыми-зерттеу зертханадан тұрады:

  • Алгебра және логика;
  • Дифференциалды теңдеулер және басқару теориясы;
  • Есептеу математика және математикалық үлгілеу;
  • Есептеу технологиялары және мұнай-газ өндіру саласындағы проблемалар;
  • Сұйықтық, газ, плазма және энергетика механикасы;
  • Ғарыш технологиялар зертханасы
  • Интеллектуалды ақпараттық жүйелер;
  • Компьютерлік ғылымдар;
  • Корпорациялық жүйелер мен технологиялар;
  • «Ақпараттық технологиялар және дизайн» студенттер зертханасы.
  • Материалдар мен процестерді механика зертханасы зерттеу

Ғылыми кадрлар

Қазіргі уақытта Институтта 87 штаттық қызметкер және жұмысты қоса атқару бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің, республикамыздың басқа да жоғары оқу орындарының біраз ПОҚ, студенттері, докторанттары жұмыс істейді.

60-тан астам доктор және 100 ғылым кандидаты, 11 PhD докторы институттың ғылыми әлеуетін құрайды. Институтта Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шамамен 180 докторанты, білімі мен ғылыми зерттеулер тәжірибесін толтырып жүрген магистратура және бакалавриат студенттері ақылы негізде жұмыс істейді.

Ғылыми-зерттеу жұмыс

Институтта ғылым, техника және білім саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер, халықаралық гранттар мен шетелдік және ҚР Ұлттық компанияларымен жасалған шаруашылық шарттар бойынша 70-тен аса жоба бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде «Энергетика», «Шикізат пен өнімді терең қайта өңдеу», «Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар» және «Елдің интеллектуалдық әлеуеті» сияқты басымдылықтар бойынша гранттық қаржыландырудағы 64 жоба бойынша ҒЗЖ жүргізілуде.

Халықаралық ынтымақтастық

ММ ҒЗИ халықаралық жобалар, бірлескен жұмыстарды атқару келісімдері бойынша ақпараттық-кеңестік ғылыми байланыстар мен ынтымақтастықты дамытады және қолдайды, жақын және шалғай шетелдің 40-тан аса жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен халықаралық конференциялар мен олимпиадалар өткізуді ұйымдастырады.

Білім саласында Еуропа Одағының 2 гранты бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілді: TEMPUS «Teaching Competency and Infrastructure for e-Learning and Retraining» (2010-2013), TEMPUS – ERAMIS «European-Russian-Central Asian Network of Master’s degrees “Informatics as Second Competence”» (2010-2013).

Институт Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не есеп өнімділігі жоғары заманауи суперкомпьютерді жеткізу бойынша INSPUR Қытай компаниясымен белсенді қызметтесуде. Сұйықтық, газ және энергетика механикасы зертханасының негізінде 2010 жылдан бері «Гео-Энергетика» Қазақстан-Француз ғылыми-білім беру орталығы Токио, Нагоя және Аояма (Жапония) университеттерімен бірлесе «Студенттік наносерік» ғылыми-техникалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуде.

20 шетелдік орталықпен және Еуроодақ елдерінің ұйымдарымен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстар мен тәжірибе алысулар жүргізіледі, Корея, Жапония, Қытай және Үндістан жоғары оқу орындарымен жасалған шарттар мен келісімдер бар. Институт ғалымдары АҚШ университеттерімен ғылым алысу, кеңестер мен ҒЗЖ нәтижелерін талқылау түрінде ынтымақтастықты дамытып келеді.

Ресей жоғары оқу орындарымен және академиялық институттарымен көп жылдық ғылыми байланыстар қолдалынып келеді: Мәскеу мемлекеттік университетімен, Мемлекеттік Университетімен, Белоруссияның Лыков атындағы жылу-салмақ алмасу Институтымен, Новосибирск мемлекеттік зерттеу университетімен, Есептеу технологиялары Институтымен, С.Л.Соболев атындағы математика Институтымен, РҒА СБ М.А.Лаврентьев атындағы гидродинамика Институтымен және т.б.

Материалдық-техникалық базасы

Институттың материалдық-техникалық базасына көп процессорлы, өнімділігі 600 ГФл URSA және өнімділігі 3 ТФл T-Cluster кластерлерімен жабдықталған жоғары өнімді есептеу орталығы, сол сияқты қатты дене механикасы, теориялық және қолданбалы механика, гидравлика және фильтрлеу, құрылым элементтері, робототехника және манипуляторлар механикасы, сұйықтық, газ, плазма және геоэнергетика механикасы сияқты сертификатталған зертханалар кіреді.

Инновациялық қызметі

2007жылы Қазақстанда алғашқы рет Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Математика және механика ғылыми-зерттеу институты» ЕМК-да өнімділігі 600 Гфл (URSA) жеке меншік көп процессорлы есептеу кешені орнатылып, іске қосылды. 2012 жылы өнімділігі 3Тфл Т-Cluster орнатылды. Интеллектуалды агенттерді пайдалана отырып, мобилді құрылғыларға арналған композиттік есептеу бұлттарын іске асыруға арналған платформа әзірленуде.

Қыртыстың ұңғымалық аймағына жылу әсерін ақпараттық талдау жүйесін құру және қарнақтық-тереңдік сорғы жабдығының жұмысын оңтайландыру мақсатында, Қазақстан Республикасының мұнай нысандарына арналған жаңа ақпараттық технологияларды әзірлеу бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Көп жылдық зерттеулер мұнай-газ кен орындарын пайдалануды бірыңғай ақпараттық талдау жүйесін (ИСАР) әзірлеуге негіз салды. Қазіргі уақытта жоғары өнімді есептерді пайдалану арқылы ИСАР жүйесін жаңалау бойынша жұмыс жүргізілуде. Әзірленген бағдарлама пакеттері апробацияланып, Қазақстан Республикасының «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ, «Торғай-Петролеум» ЖАҚ, «Эмбамұнайгаз» ӨФ, «Қазмұнайгаз» АҚ және т.б. бірқатар компанияларына енгізілді.

Институттың ғалым-механиктері «Қазатомпром» ҰАК-мен жемісті қызмет етуде, жер асты сілтісіздендіру әдісімен минералдарды өндіру және сорбциялық колонналарда өнімді ерітінді ішінен минералды шығару процесстерін үлгілеу және зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізілуде, қолдағы бағдарламалық өнімдерді әрі қарай өнеркәсіпке енгізу бойынша жұмыстар жоспарланған.

«Интеллектуалды ақпараттық жүйелер» зертханасында «Көлік және коммуникациялар Институты» ЖШС-мен бірлесе «AutoSim қала трафигін үлгілеу» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Байқоңыр» космодромының экологиялық мониторингі жүйесін дамыту және жетілдіру бойынша жұмыс жүргізу бағдарламасы зерттелуде (ЭКОС сараптама жүйесі).

ММ ҒЗИ білім беру саласындағы инновациялық және қолданбалы зерттеулермен белсенді айналысады. Институт ҚР БҒМ электронды оқулықтар шығару қызметімен айналысуға берген мерзімсіз Мемлекеттік лицензиясының иесі бола тұра, Румыния, Польша, Ресей атақты компанияларымен, «Ақпараттандыру ұлттық орталығы» білімді ақпараттандыру саласында ҚР ғылым және білім Министрлігінің операторымен қатар цифрлы білім беру ресурстарын (ЦБР) әзірлеу Халықаралық консорциумына кірді. Консорциумның мақсаты – қазақстандық білім беру жүйесіне электронды білім беру және цифрлы контент құру бойынша ең жақсы халықаралық тәжірибе қосу.

ММ ҒЗИ-да ҚР БҒМ тапсырысы бойынша гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар бойынша жоғары және орта мектепке арналған қазақ және орыс тілдерінде 100-ден аса электронды оқу басылымы, ҚР БҒМ білім порталы әзірленді.

Интеллектуалды меншік нысандарын мемлекеттік тіркеу туралы 20-дан аса куәлік алынды (ҚР Әділет Министрлігінің интеллектуалды меншік құқықтары жөніндегі Комитеті). ММ ҒЗИ электронды басылымдары ҚР БҒМ 2011 жылғы 21 ақпандағы «Білім беру ұйымдарында 2011-2012 оқу жылында ҚР БҒМ пайдалануға рұқсат еткен оқу басылымдарының тізбесін бекіту туралы» № 68 бұйрығына кірді.

ММ ҒЗИ жас ұрпақты кәсіпкерлік қабілеттілікті дамытуға ынталандырып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің студенттік бизнес-инкубаторына (СБИ) едәуір қолдау көрсетеді.